суббота, 16 мая 2020 г.

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? М.Қыдырбайұлы

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
М.Қыдырбайұлы, NH Financial Group референті.

Ғаламдық Пандемия - білім жүйесін планетарлық масштабта модернизациялануына даңғыл жол ашты. Осыдан 2-3 жыл бұрын Цифрлық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы мемлекеттер, енді қол жеткізген тәжірибелерін жаңаша білім технологиясы арқылы халық һәм ұрпақ игілігіне айналдыруда.
Биыл менің ұстаздық қызметіме 40 жыл толады. Ауыл мектебінен бастау алған педагогикалық жолдарым күні бүгінге дейін жас ұрпақтың болашағына деген алаңдаушылығымды бір сәтке де тоқтатқан емес...
Бүгінгі заман ерекше күй кешуде. Жаңалықтар легі секунд сайын толас таппауда.Бұл заңды құбылыс.
Әрине, Ұлы даланың еркін халықтарының басын қосқан Қазақ Елі дегенде жүрегім шымырлап, кеудем намысқа толып кетеді. Осы сезімнің өне бойымда байқалуы - әке-шешем мен ұстаздарымның, туған халқымның тәрбиесі деп білемін. Өзімді бақытты халықтың ұрпағымын деп санаймын.
Әуел баста ұлттық тәрбие мен білім мәселерімен ғылыми тұрғыда айналысып, соның нәтижесінде пайда болған білім жүйесін цифрландыру проблемасы туралы мәселе енді бізді шексіз мұхит айдынына әкеліп тіреді.
Цифрлық білім тек жай сөз немесе, бренд, мода сөзі емес. Ол адамзат эволюциясының заманауи көрсеткіші.
Байқаймын. Бүгінгі Қазақстан ұстаздарына аталмыш феномен ұнайтын сияқты. Қызығушылықтар да бәсеңдер емес.
Шынтуатқа келгенде - біздер бұл құбылысқа атүсті қарап отырмыз. Оның кемшіліктері мен зардаптары туралы сарапшылар жарыса жазып жатыр. 3000 оқушы компьютерсіз отырғанын да білемін.
Интернет арқылы көптеген мұғалімдер "Bilim Media Group" компаниясы ұсынған "Bilimland" жобасы негізінде онлайн сабақ беріп жатқан жетістіктеріне мәз. Рас. Жаман бастама емес. Ол жобаға мемлекет шексіз сомада қаржы бөлді.
Енді "Bilimland" бренді бойынша теледидардан көрсетіліп жатқан сабақтарды саралап көрейікші. Слайд, қысқаша видео, дайын тексті оқитын мұғалім. Ол сабақтарды You Tube арқылы көру барысында,тіпті өз ойын білдіргісі келетін адамдарға коментарий жазу мүмкіндігін шектеп шектеп тастағаны түсініксіз.
"Zoom" қосымшасы арқылы сабақ-конференциялар өткізу жаңалық емес.
Мемлекеттен қыруар ақша сұрамай-ақ өз пәнін жақсы меңгерген ұстаздар You Tube арқылы өз сабақтарын еркін жүктеп алғаны анағұрлым тиімді болар еді.
Бұл туралы біздер бірнеше сараптамалық ұсыныстар білдірген едік. Ол туралы ғылыми мақалалар жарияланды.
Айтылған тұжырымдар негізінде төмендегідей ұсыныстар білдіреміз:
1.Пән оқулықтарын Scibd форматы бойынша локализациялау;
2. Оқулық тізімдерін Digital Library жүйесі бойынша автоматтандыру;
3. Geofabrik жүйесін пайдалану;
4. Educare Box цифрлық платформасын іске қосу;
5. Қазақстандық Your Vision платформасымен жұмыс істеу;
6. Google Earth 2020 қосымшасын пайдалану;
7. Білім сапасын Time High Education көрсеткіштері бойынша анықтау һәм бағалау;

понедельник, 4 мая 2020 г.

М. Қыдырбайұлы.LANDING ПЛАТФОРМАСЫ – ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗІ


LANDING ПЛАТФОРМАСЫ – ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗІ

Мұхамедрахым ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ -  NongHyup Financial Group жанындағы дайындық курсының тыңдаушысы, Сеул, 2020

     ИНТЕРНЕТ мүмкіндігі бүгінде шексіз екені белгілі болды. Соңғы уақытта аталмыш ғаламдық тор арқылы бірнеше платформадағы бизнес-жобаларды барынша игіліктенуге түрлі жолдар ашылды.
     Өкінішке орай, Интернет-маркетинг технологиясын азды-көпті меңгерген замандастарымыз табыс табудың кейбір тетіктерін білген соң, қол жеткізген тәжірибелер арқылы түрлі әрекеттерге эмпирикалық сипатта көше бастады.
     Осыдан бірнеше жыл бұрын біздер - осындай цифрлық экономикалық құбылыстардың белең алатыны, тіпті оның адамның сана-сезімі мен психикалық әлеміне орасан ықпал ететінін айтқан едік [1].
     Біз көтеріп отырған мәселеміздің төркіні онлайн-маркетинг пен менеджмент дүниесі болмақ.
     Рас. Бұл тақырып мемлекеттік деңгейде назарға ілініп, өз кезегінде оның болашақтағы миссиясы жөнінде стратегиялық шаралар қабылдану қажеттігі айтылды. Сарапшылар ғаламдық масштабта ауқымды жобалар құрастыруды 2000 жылдары қолға алған «Amazon» және «Ali Baba» платформаларының табысты жетістіктеріне терең назар аудару қажеттігін ескертті.
     Мұндай батыл қадамдарға үйлесіп кету біріншіден, толассыз заманауи ақпараттық технологиялар жетістіктерін меңгеру болса, екіншіден жаңа форматтағы білім технологияларын қоғамдық үрдістерге барынша бейімделу мен ендіруді талап етті.
     Бұл жөнінде біздер 2000 жылдары жастардың виртуалдық ойын-сайыс форматы «World of Warcraft» платформасы негізінде заманауи пәндерді оқыту әдістемесі (Media Didactica) мен «Интернет-тәрбие» жобаларын мемлекеттік тұрғыда жобалауды қолға алу керектігін айтқанымыз үшін күлкіге қалғанымыз бар [2].
     Қалай дегенмен бүгінгі онлайн маркетинг пен менеджмент тұтұасы болып табылатын маңызды контенттер базасы (message, NTML, CTR click-through rate, media planning, segmentation, e-mail, cloud system,design constraction, targeting, clicкing) осы Интернет ойын-сайысының негізгі элементтерін құрағанын айта кеткен жөн.
     Енді ше? Егер сол жылдары «E-Learning» жобасы болмағанда, бүгін не айтатын едік?!
     Бүгінде онлайн маркетинг пен менеджмент туралы сөз қозғалса, біз оған үйреншікті түрде жауап беруге дайынбыз. Демек, аталмыш феноменнің адамдар санасында позитивті көзқарас қалыптастырғаны түсінікті. Бірақ, тым кеш қалған жоқпыз ба?
     2013 жылы «Facebook» платформасы арқылы ұйымдастырылған «ЕХРО 2017 және балалар» виртуалды ғылыми жобалар сайысына ұсынылған жұмыстардың бірқатары цифрлық экономика тақырыбына арналғаны – осы мәселенің жас ұрпақ назарын өзіне аударғанын көрсетті [8].
     Соңғы он жыл ішіндегі Қазақстан жағдайындағы локализациялық үйлесімділік көрсеткіштері негізінен жаңа сипаттағы жетекші технологияларды меңгеруді мақсат еткен шағын топ-менеджерлер өкілдерінің ізденіс-тәжірибелері арқасында мүмкін болды. Егер, отандық білім реформасын ерте бастан аталмыш форматта барынша өрбіткен жағдайда, біздер осы меженің биік стандарттар тобынан көрінетіне куә болар едік.
     Алайда, біздер стратегиялық қателіктер жасауға амалсыз ұрындық. Оның себеп-салдарын халықаралық эксперттер баяндамаларынан байқауымыз қиын емес. Орны толмас осындай олқылықтардың орын алғанын саналы түрде мойындамауымыз – біздің прогрессивті жолға түсуімізге үлкен кедергі келтірді.
     Дегенмен, бүгінгі жан-жақты ізденісті дәстүрге айналдырған жастар үшін жаңаша бағыттағы эффективті жобаларды халық игілігіне айландыру перспективалары бар екеніне үмітпен қараймыз.      
     Кешегі сайт құрастыру технологиясынан 2003 жылдан бері Microsoft форматында жеке конструкцияларын маркетинг пен менеджмент негізінде бейнелеуді көздеген жастардың бастамасы - бүгінде көптеген ілкімді замандастардың жеке идеяларынан туындаған электронды коммерциялық жобаларының болашақта үлкен табыс көздеріне ұласуына ұйытқы болды. Тіпті, қоғамды ақпараттандыру науқаны аймақтық кеңістіктен глобальді масштабқа қарқынды дамып ІТ-технология саласының бір-бірін толықтырып отыратын түрлі ақпараттық инфрақұрылымдарын (Интернет-дүкен, криптовалюта кеңістігі, Blockchain) қалыптастырды.
     Аталған ақпараттық инфрақұрылымдар кеңістігінде ұдайы өзгеріп және эффективті түрде жүйеленіп отыратын саланың біріне Landing технологиясы (LT) жатады.
     Кез келген жас ұрпақ өкілі бүгінгі таңда замануи компьютерлік технология жетістіктерін біржақты күйде қабылдамай, оның пайдалы һәм зиянды тұстарын терең бағдарлап, өз ретінде қоғамға табыс пен пайда әкелетін зор мүмкіндіктерінің сырларын ашуға талпынғаны абзал.
     LT-технологиясының бастапқы шешімі ІТ-департамент жүйесін құрудан басталады. Қазіргі таңда ең сенімді жүйе Bitrix платформасы болып табылады. Ол жобаның тиімділігін арттыратын SEO (search engine optimization) сегментациясы бойынша игіліктенеді.
     ІТ-құрылым барысы Page Rank жүйесі бойынша кіріктіріліп веб-парақшаның математикалық рейтингісі (Google мысалында логарифмикалық шкала) негізінде реттелуі шарт.  Реттік жүйе CTR (click-through rate) форматында сақталып, жобаның тиімділігін арттыруға ұйытқы болатын A/B testing талабына сәйкес жүргізіледі.
     Аталмыш талаптар өз шешімін тапқанда біздер SEO жиынтығына кіретін lead capture page, static page, destination page, web page, marketing promotion, marketing email, CTR, NTML,online transactional, CRM (customer relationship management), cloud computing және басқа да жобаның тиімділігін арттыратын жүйелерге бейімделуіміз қажет болмақ.
     Жобаның табысты межеге қол жеткізуін қамтамасыз ететін API (application, platform, infrastructure) технологиясы Unbounce платформасы бойынша іске асырылады.
     Айтар ойымыздың бірқатар қиындықтар тудыртып жатқанын ескере келе біздер ұсынылып отырған жетекші идеяларға болашақ технологиясына жаны ашитын белсенді азаматтардың зор ынтамен назар аударатынына сеніміміз мол екенін жеткізгіміз келеді.
     Демек, кез келген жаңашыл жан қай салада болмасын адамзаттың соңғы жылдары қол жеткізген айтулы  технологиялық жетістіктеріне ат салысып, өзінің жеке қызығушылықтарынан туындаған бизнес-идеяларын планетарлық масштабта нақты іске айналдыруды айрықша мақсат ететініне кәміл сенеміз. 



Пайдаланылған әдебиеттер мен Интернет ресурстар

1.Аяпбекова А. Электронды білім қырлары. https://egemen.kz/article/28448-elektrondy-bilim-qyrlary
2. Құрсабаев М.Қ. Электронды оқулықтардың сапасын арттыру қажет. https://qazaqstan.tv/news/79988/
3.Қыдырбайұлы М. Интернет һәм ұлттық тәрбие. https://kazbilim.kz/%D2%9B%D2%B1%D1%80
4. Курсабаев М.К. ЕХРО 2017 және балалар. https://yvision.kz/post/362084
6. Gafni, Ruti; Dvir, Nim (2018). "How Content Volume on Landing Pages Influences Consumer Behavior: Empirical Evidence". Proceedings of the 2018 InSITE Conference. Informing Science Institute. arXiv:1806.00923. doi:10.28945/4016.
8. «ЕХРО 2017 және балалар» Халықаралық виртуалды ғылыми жобалар сайысы, Астана, 2013.
https;//www.facebook.com/page/Ехро-2017-и-дети/527004667323976?ref=hl



суббота, 18 апреля 2020 г.

М.Қыдырбайұлы, Сеул-2020.ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ - ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІ


ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ - ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІ
М.Қыдырбайұлы, Сеул, 2020


Дистанциялық оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастағандаймыз. Президент пен Министрдің цифрлық технологияға жақындығы қуантады.

Еліміздегі 3000 жуық оқушылардың "Интернетсіз" қалғаны - біздің осы мәселені шешуге деген төмен деңгейімізді көрсетеді .
Ұстаздардың TV арқылы сабақ бергені, ата-аналардың үйлерінде "бала оқыту" технологиясын меңгеруі (мұғалімдік жұмыстың қандай қиын екенін түсінген шығар) - заманауи педагогика тарихындағы феноменге айналды.

Енді екінші мәселе... Қазіргі біздің қол жеткізген нәтижелеріміз - бізге ұсынылған дайын форматтарды қайталау ғана. Демек, уақытша жетістік..!? Не істеуге болады?

Ең алдымен білім жүйесін цифрландыру бойынша Ұлттық (мемлекеттік) орталық құрып әлемдік тәжірибелерді сараптау керек. Демек, білім жүйесі екі ірі бағытқа: "Digital management" һәм "Digital marketing" көшуі тиіс. Осылайша ғаламдық теория мен практика ұштастығы іске қосылады.

Келесі мәселе - жаңа заман стратегтері мен аналитиктерін дайындау шарт. Ол мәселе 50% шешілді. Қалған 50% стереотипті (кемшілікті мойындау, шынайы сенім, бюрократиялық кедергілерді жою, өз білімін шыңдау, озық инновациялық технологияларды меңгеру т.б) жеңу.

Аталмыш мақсаттарды игіліктендіру ісі - мектептен басталатыны анық.
Өкінішке орай, TV арқылы сабақ беру (BMG форматы), онлайн күнделік, үй тапсырмаларын орындау - монотонды сипат алуда. Бұл үрдіс - мол қаражатты қажет етуде. Яғни - эффективті емес. Демек - бұл кемшілікті біздер саналы түрде мойындауымыз керек.

Біз қазір, әлемдік озық тәжірибелер негізде 5 сыныпқа арналған "Интернет-оқулық" жобасын енгізіп жатырмыз. Ол технология - қаражатты қажет етпейді.

Сол себепті, бүгінен бастап онлай-сабақты "Screen Recorder", "Camtasio studio" форматы (200-ден астам нұсқасы бар) бойынша өткізуге кірісуіміз керек. Дәрісті тыңдаған оқушы осы формат бойынша кері байланыс орнатып, үй тапсырмасы туралы материалын қайта жіберуі шарт.

Курсабаев М.К, Абдырахманов Т.А и др.ДИСТАНЦИОННОЕ МОДЕЛИРОВАНИЕ ТУРИСТСКО-АРХЕОЛОГИЧЕСКОГО ЛАНДШАФТА «САЙМАЛЫ-ТАШ» (КЫРГЫЗСТАН) НА ПЛАТФОРМЕ «ArcGIS MAP»


Курсабаев Мухамедрахим Кадырбаевич к.п.н, доцент ЕАГИ,
Астана, Евразийский гуманитарный институт.
Абдырахманов Толобек Абылович, д.и.н, профессор,
 Бишкек, Кыргызстан, КГУ им. И.Арабаева.
Тлекова Жанна Тлековна к.г.н, PhD.
Алматы, КазНПУ им.Абая.
Демеуов Арман Болатович, докторант PhD,
Алматы, КазНПУ им.Абая.
Аяпбекова Алия Ескермесовна, к.г.н, доцент,
Астана, университет «Туран-Астана».

ДИСТАНЦИОННОЕ МОДЕЛИРОВАНИЕ ТУРИСТСКО-АРХЕОЛОГИЧЕСКОГО ЛАНДШАФТА «САЙМАЛЫ-ТАШ» (КЫРГЫЗСТАН) НА ПЛАТФОРМЕ «ArcGIS MAP»


     Начиная с 1980 года в мире археологической науки произошли научно-технологические преобразования. Одним из продвинутых технологией были компьютерные программы на базе DEM (Digital thematic maps). На территории Северной Америки были разработаны эксериментальные программы, которые служили для обозначения и дешифровки историко-культурных объектов[1].
     Предпосылками данного открытия стали тематические карты составленные в целях выявления географических координат объектов в определенной местности. В процессе составления важным элементам проекционирования стали рекогнация точных базовых объектов. Для создания первых тематических карт послужили опыт создания топографических карт, которые соответствовали качеством предшествующих материалов, которые часто усовершенствовались в современных условиях. Тематическая карта «Designatio orbis christiani» (1607) разработанный Jodocus Hondius (1563-1612) служил для определиня сегментации расположения религиозных общин в ареалах городского населения [2].
     Нами замечены, что последние годы в исследовательских ресурсах историко-культурного и туристско-археологического направления в стране и за рубежом, значительно расширирились научные труды основаннные на тему применение и использование геоинформационных технологии. Изучая труды Смекалова C.JL,Владимирова В.Н, Бадеева Д.Ю, Гарбузова Г.П, Горлова Ю.В, Алейсейчука С.Н, Афанасьева Г. Е, Беглецовой C.B, Васильченко Д.С, Довгалева A.A, Журбина И.В, Коробова Д.С, Пиотуха Н.В, Белинского А.В, Беловой Е.Б а также зарубежных авторов Gary Lock, Zoran Stanсiс, Allan J.A., Richards T.S, Wheatley D, Gillings М, Deuel L, Fletcher R. E, Robinson G. D и других исследователей следует делать вывод, что началом поэтапного исследования по даной теме, были заложены в 1990 годах.
        Участники глобального дистанционного форума «History & Computing» (1989) заложили новый фундамент в утверждении научной теории геоинформатизации исторической науки в лице Wattel E, Reenen P (проблемы информатизации культурно-исторических объектов), Graham D, Lind G (компьютерное картографирование археологических объектов), Cade J, Brayshay M, Lee J (геостатистический анализ моделирование историко-культурных событии и социальных явлении), Pierau K, Ott T, Gregory I (визуализация античных археологических ландшафтов).
     Вопросы исследования наскальных рисунков Средней Азии и Казахстана в течении многих лет сопровождались планомерно и плодотворно.  Сохранились труды Массона М.Е (Древние наскальные изображения домашних лошадей в южном Киргизстане, 1948), Тереножкина А.И. (К историко-археологическому изучению Казахстана и Киргизии, 1938) где, авторы особо подчеркивают историческую миссию и археологическую ценность тотального исследования наскальных рисунков в регионах, которые стали причиной становления историографической школой в странах Средней Азии [5],[6].
     Ахреологические памятники Кыргызстана стали объектом пристального внимания еще в начале ХХ века. Член Туркестанского кружка любителей археологии Пославский И.Т (Из поездки на Саймалы-Таш, 1903) публикует свой первый материал о местонахождении наскальных рисунков Южного Кыргызстана[8]. 
     Научный тезис Бернштама А.Н «Наскальные изображения Саймалы-Таша» (1952) является фундаментальным материалом, который стал основным источником нашей информации [9].
     В начале 1970 годох поисково-археологические работы в Кыргызстане заново возобновились. К тому времени на основе сборников и научных материалов отражающие историологические важные события появляются новые достоверные информации. Научные исследования Винника Д.Ф (К вопросу о датировке наскальных изображений Приссыкулья, 1975), Голендухина Ю.Н (Вопросы классификации и духовный мир древнего земледельца по петроглифам Саймалы-Таша, 1971), Помаскиной Г.А. (Наскальные рисунки Саймалы-Таша как отражение первобытного искусства, 1972) стали докозательством тому, что юго-восточная часть Кыргызстана стала объектом особого внимания так для посетителей и для представителей научной интеллигенции [11], [12].
     Известный ученый Шер Я́ков Абра́мович (1931 г.р) как специалист по «первобытному искусству» особо отметил творческую работу First Human Ancient Artman. Он в своей работе «К интерпретации сюжетов некоторых петроглифов Саймалы-Таша» (1978) отметил художественно-эстетические эмпирические навыки и мировозрение древних художников[13].
     Огромный вклад в изучении наскальных рисунков Кыргызстана внесла Ташбаевой Кадича Искандаровной (1952 г.р).
     Петроглифы  «Саймалы-Таш» (КР, Джалал-Абадская область, Тогуз-Тороусский р-н, 73°50'О 41°N) в Кыргызстане, является одним из уникальных памятников архитектуры [16].
     В настоящее время данный редчайший памятник и горный массив (Ферганский хребет, 3450 м над уровнем моря) стал объектом всемирного значения.      Вполне наглядным приспособлением для нашего исследования может стать обширные научные изложения ряд ученых постсоветских стран, которые посвятили изучению археологических памятников, которые находятся на территории Республики Кыргызстан.

     
По словам Бернштама А.Н, Хлудова Н.Г, Шер Я.А, Ташбаевой
К.И, Голендухина Ю.Н, Помаскиной Г.А, Зима Б.М, Подольского Н.Л, комплекс наскальных рисунков «Саймалы-Таш» находятся в труднодоступных горных склонах (по ложбинам находятся снежные пласты) Ферганского хребта (3450 м). Из-за суровых погодных условиях данная местность доступно всем туристом только в конце летнего периода [Рисунок-1].


       Рисунок-1. Пересеченный рельеф (сай) Самалы-Таш. Кыргызская Республика

       Для полного представления о местонахождении туристско-археологического комплекса «Саймалы-Таш», с помощью приложением «Screen short» используя геоинформационную платформу «Google Earth», мы имеем возможность моделировать археологический ландшафт на основе цифрового картографирования. В результате  получаем полноцветный вариант объекта с указанием географических координатов. Сравнивая картографический рисунок с интерпретацией исследователей, мы имеем возможность предельно разпозновать геопространственный ареал наскальных рисунков, общий вид с птичьего полета Ферганского хребта, обособленный сложный рельеф, овграги и саи, которые окружают урочище «Саймалы-Таш». На рисунке-1 на основе пространственного анализа, ориентируя на координаты «Саймалы-Таш», мы имеем геопростанственное представление о местонахождениях других наскальных рисунков на примере «Тамгалы», который находится от 120 км крупного мегаполиса Центральной Азии г.Алматы.
     Наскальные рисунки выстроились неравномерно (пересеченный рельеф), из-за выбора древних художников (First Human Ancient Artman) в виде высоких и низких всхолмлений, которые находятся между оврагами вдоль хребта.  First Human Ancient Artman предпочитали для выбивки загарный слой базальтовой поверхности обломочного камня. Они использовали бронзу для гравирования. Ключевым фактором оказался точечный удар (скол) производенным тяжелым металическим инструментом.
     Петроглифы Саймалы-Таша расположились на трех направлениях. Геоинформационное пространство наскальных рисунков охватывают исторические периоды от эпохи энеолита (3-2 тыс д н.э) до эпохи раннего железа (1 тыс до н.э). Общее количество базальтовых камней с рисунками составляют свыше 10 000 отдельных археологических памятников. Главными темами изображения являются: дикие животные, древние охотники, повозки и колесницы, зооморфная тематика, быт и религиозные праздники.
       Древние художники населявшие юго-востоную часть Ферганского хребта с удивительной точностью смогли передать жизнь и быт племен, которые жили в эпоху энеолита. В процессе прямого скола им удалось ярко впечатлять всю красоту первобытной общественной жизни, показывая знания о расположении человеческих натур и форму диких животных в виде геометрических фигур.

ЛИТЕРАТУРА И ЭЛЕКТРОННЫЕ РЕСУРСЫ

1. Andrea Scianna, Benedetto Villa. GIS Applications in archaeology. University of Palermo,Italy,1993. http://www.archcalc.cnr.it/indice/PDF22/AC_22_Scianna_Villa.pdf
3. Morris Ronald (1979) The Prehistoric Rock Art of Galloway and The Isle of Man, Blandford Press, ISBN 978-0-7137-0974-2.
4. James Conolly. Geographical Information Systems in Archaeology. Cambridge University6 UK, 2006, ISBN-13: 978-0521797443
5. Тереножкин А.И. К историко-археологическому изучению Казахстана и Киргизии//ВДИ.№ 1(2). М.,- 1938. С. 204-215.
6. Кабиров Д. К вопросу о локализации различных наскальных изображений Средней Азии и Казахстана// История материальной культуры Узбекистана. -Выпуск. 12. Ташкент, 1975. С. 85 - 90.
7. Die Petroglyphen von Sholpon-Ata in Kirgizstan.. Luc Hermann, Books on demand, 12Avril2011. https://www.librairiedeparis.fr/listeliv.php?base=paper&mots_recherche=Luc+Hermann+tamgaly
8. Пославский И.Т. Из поездки на Саймалы-Таш. // Протоколы Туркестанского кружка любителей археологии- Год VIII, Ташкент. 1903.
9. Бернштам А.Н. Наскальные изображения Саймалы-Таша // СЭ. № 2. 1952. С. 50 -68.
10. Подольский Н.Л. О классификации наскальных изображений Саймалы-Таша Ферганского хребта. // Доклады Восточной комиссии Географического общества СССР. Вып З. Л., 1966.
11. Голендухин Ю.Н.. Вопросы классификации и духовный мир древнего земледельца по петроглифам Саймалы-Таша. // Первобытное искусство Новосибирск, 1971,с. 181-202.
12. Винник Д.Ф., Помаскина Г. А. К вопросу о датировке наскальных изображений Приссыкулья // Археологические памятники Приссыкулья. - Фрунзе, 1975. С. 87-101.
13. Шер Я.А. К интерпретации сюжетов некоторых петроглифов Саймалы-Таша. // Культура Востока. Древность и раннее средневековье. Л., 1978.
14. Ташбаева К.И. Петроглифы Жапырыка // Первобытная археология. Человек и искусство. Новосибирск: Изд-во ИАиЭ CP РАН, 2002. -С. 76-79.
15. Tashbaeva К. Saymaly-Tash; Histoire de la Recherche et methodes d'investigation, // Petroglyphes d'Asie Centrale: methodologie d'etude d'un art rupestre. Paris. UNЕSCO, 1995.
16. Национальная комиссия Кыргызской Республики по делам ЮНЕСКО. http://www.kyrnatcom.unesco.kz/culture/saymaly%20tash.htm
17. Массон М.Е. Древние наскальные изображения домашних лошадей в южном Киргизстане // Труды ИЯЛИ Кирг ССР. 1948. вып. 2. С. 129 - 134.
18. Мартынов А. И., Марьяшев А. Н., Абетеков А. К. Наскальные изображения Саймалы-Таша. ~ Алма-Ата: Изд-во Каз. гос. пед. унта, 1992.- 110 с.
18. Новоженов В.А. Наскальные изображения повозок Средней и Центральной Азии (К проблеме миграции населения степной Евразии в эпоху энеолита и бронзы). А, 1994.
19. Гарелик И.С. Географияческие информационные системы и дистанционное зондирование. – Исследование Земли из космоса. Итоги науки и технике Т.З, ВИНИТИ АН СССР. Москва, 1989, ст.3-80
20. Керімбай Н. Н. Геоинформатика негіздері: оқу құралы. Алматы Қазақ университеті, 2006.
21. Гарбузов Г.П.Геоинформационные системы и дистанционное зондирование Земли в археологических исследованиях :на примере Таманского полуострова. М:2007. С.303
22. Владимиров.В.Н. Применение геоинформационных систем в исторических исследованиях :на примере истории юга Западной Сибири. М:2006. С.429
23. Francfort H.-P., Samashev Z. et al. Les Petrogluphs de Tamgaly // Bulletin of the Asia Institute USA. 1997. P. 167-207.
24. Morris Ronald (1979) The Prehistoric Rock Art of Galloway and The Isle of Man, Blandford Press, ISBN 978-0-7137-0974-2.
25. Зима Б.М. К вопросу о происхождении наскальных изображений. // Труды Киргизского государственного пединститута. Т, II, вып 2, Фрунзе, 1947.

М.Қыдырбайұлы, Сеул-2020.КОРОНАВИРУС-РОБОТ БАКТЕРИЯ


КОРОНАВИРУС-РОБОТ БАКТЕРИЯ
 Мұхамедрахым ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ, Сеул, 2020

Бүгінгі таңда ғаламды жайлаған пандемия барша жұртшылықтың болашаққа деген алаңдаушылығын білдіріп отыр. Аталмыш вирустың қалай пайда болғаны һәм оның зардабы жөнінде күн сайынғы ақпараттар тұрақты емес.

Ғалымдардың болжауынша ол мұхит айдынына төгілген мұнай қалдықтарын буландырып, ауаға ұшырып жіберетін жойқын күші бар химиялық феномен деп айтылуда. Ал, оның биосфералық ортада қаншалықты зиян келтіретінін анықтау үшін жарқанатқа эксперимент жасалған-мыс. Бұл үрдіс қашан қолға алынғалы белгісіз.

Өкінішке орай, мұнайды буландыру барысында ұзақ уақыт тұрақты нәтижелерге қол жеткізген аталмыш жоба белгісіз себептерден ғалымдар бақылауынан тыс қалып, қоршаған ортадағы өзіне ұқсас микроптар мен бактериялармен араласып мутацияланғаны байқалады.
Бастапқы кезде қалыпты жағдайда өрбіген бұл вирус біраз үзілістен кейін адам организміне үлкен қауіп төндірді.

Коронавирустың аса қауіпті жағдайда таралуы оның химиялық құрамының ГМО (гендік модификациялық организм) формуласымен байланыстылығында деп болжауымызға болады. Ол - робот-бактерия болуы да мүмкін. Демек, робототехника платформасын құрастырушылар енді робот-бактерия тақырыбындағы жобаларға мән беруі шарт.

Дегенмен, бүгінгі адамзат перзенті барлық мүмкіндіктері (жоғарғы технология, қаржы институты, ғылыми-техникалық инфраструктура, ғарыштық қондырғылар т.б) бола тұра аталмыш вирустың алдын алуға қауқарсыз екенін айтуға тура келіп тұр.

Бүгінде вируспен күреске Жер Планетасындағы адамдар бір кісідей жұмылып кірісіп кетті. Кешегі саяси-экономикалық доктриналық стереотиптер бүгінде екінші мәселеге көшті. Барша қауымның тілегі - бір ғана нәрсе. Ол пандемияның алдын алу.

Пандемиямен күрес бізге өте қымбатқа түсуде. Бұл орайда, өздерінің өмірін қатерге тіккен дәрігерлер, шексіз билігі бар президенттердің жіпсіз байлануы, бар жиған-терген байлығына тамақ жасап ақысыз таратып жүрген жомарт жандар мен қиын-қыстау кезеңде пайдаға батқан жандардың атқарған істері өлшеулі.

Біз Адамзат тарихында бұрын соңды болмаған сұрапыл "химиялық соғыстың" куәсі болып отырмыз. Оның қалай аяқталатыны белгісіз. Жаратқан Аллаһ тағала бәрімізді сақтап, індеттің алдын алуға жар болсын!

Қалай десек те, бізде тек бір ғана сенім болуы керек. Ол - жалпы адамзаттың бірлесе отырып пандемияның алдын алда жеңіске жету!
Пандемиямен күрес ғылым мен технологияның жаңа жолдарын іздестіруге баршамызды мәжбүр етті. Адам капиталы мен оның интеллектуалық потенциалы осы уақытқа дейін регионалдық сипатта болса, енді ол планетарлық масштабқа ұласты.

Ата-бабаларымыз айтқандай: "Ұлы істің алдында - үлкен ор тұрады", - демекші біздер осы өліара кезеңнен мүдірмей өтетінімізге сенімім мол.

Ғылыми гипотеза тұрғысынан алып қарағанда адам - Жердің перзенті, ал Жер - Аспанның перзенті екені рас болса, бәлкім ғарыштағы сансыз планеталардың Жерге ықпалы болатыны ықтимал. Оған дәлел бар. Мысалы мезозой эрасындағы динозаврлар мен кайнозой эрасындағы Мұз дәуіріндегі мамонттар тағдыры көп дүниені байқатады.

Жер бетіне екі глобальдік қатер қатарынан төнуі мүмкін емес. Ол математикалық заңдылық. Демек, Жер бетіне ғарыштан келіп соқтығысатын диаметрі шамамен 500 км болатын алып метеориттің орнын - Пандемия ауыстыруы мүмкін ғой. Әрине бұл гипотеза. Бірақ мен оған сенем.

Біз Пандемияны міндетті түрде жеңуіміз керек. Ол біздің айқын миссиямыз. Бір жағынан Homo Sapiens эрасының аяқталып, жаңа әлем - Homo Roboticus заманы жақындап келе ме, кім білсін?!

М.Қыдырбайұлы. Сеул-2020. ИНТЕРНЕТ - ПЕДАГОГИКА ФЕНОМЕНІ


ИНТЕРНЕТ - ПЕДАГОГИКА ФЕНОМЕНІ.
Мұхамедрахым Қыдырбайұлы. Сеул. Корея,2020 жыл

Қашықтықтан оқыту технологиясы біздің қоғамымызға 1990 жылдардың аяғында енген. Ең алғашқы жоба Канаданың үлесінде. Алғашқы кезде ол құбылысқа адамдар қоғамдық феномен ретінде атүсті мəн берді.

Кейінгі жылдары ол "E-learning" форматында əлемге белгілі болды. Қазақстандағы аталмыш жобаның модераторы "НИТ" электронды компаниясы болды.

Жалпы осы мəселе төңірегінде алғаш бастама көтергендер қатарында экс-министр Беркімбаева Шамша, профессор Г.К.Нургалиева (Национальный центр информатизации), Рауан Кенжегалиев ( Bilim media group) т.б адамдар болды.

Оқу орындары дистанциялық оқыту технологиясы бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізді. " Bolonge proucess" миссиясының маңызы зор болды.

Біздің тарапымыздан 2008 жылы "Qazaq nama" (www.nlrk) жобасы ұсынылды. 2014 жылы Тұран-Астана университетінің бастамасымен қалалық білім басқармасы жəне "НИТ" электронды компаниясы қатысуымен "Использование глобальных научно-технологических ресурсов в системе образования" тақырыбында елімізде тұңғыш рет конференция өтті.

Білім министрлігі тарапынан "Оқулық" орталығы көп жұмыстар атқарды. Мемлекеттік "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы дүниеге келді.
Бүгінде көптеген кедергілерге қарамастан мектеп пен жоғары оқу орындары тез арада дистанциялық оқыту жүйесіне қайта қосылды.

Бұл күнді адамзат тарихындағы теңдесі жоқ феномен деп айтуға болады. Себебі білім алу мен оқыту жүйесі өзінің жаңа эрасына қадам басты.
Рас. Өткен тəжірибелер жалпы адамзат перзентінің ғажап жетістіктері болып қалатыны рас. 

Дегенмен, қоғамдағы ғаламат өзгерістер білім беру технологиясының жаңа деңгейге көтерілуіне даңғыл жол ашады. Оған дəлел ретінде К.Циолковский мен Илон Маск идеяларын айтсақ жеткілікті.
Қарапайым мысал ретінде күнделікті сабақ процесі мен пəн мазмұнын алайық. Рас. Оқулықтар əдемі һəм сапалы. Ұстаздардың біліктілігіне шүбə келтірмейміз. Мектеп іші жылы ірі интерактивті. Материалды-техникалық жағдайымыз жаман емес.

Біздің бір байқағанымыз: оқулықтағы кейбір материалдардың жиі қайталанып келуі. Мысалы тарих пəні бойынша Қазақ хандығы тақырыбы бойынша оқушылар оны 5-7-10 сыныптарда бірнеше мəрте қайталап оқуға мәжбүр. Ондай олқылықтар басқа пəндерде көп кездеседі.

Келесі бір мəселе мемлеттік типтік оқу жоспары бойынша өтілетін сабақ тақырыбына заманауи глобальдық ғылыми жетістіктер мен ІТ-ресурс жобаларын оқыту үрдісіне кіріктіру мүмкіндіктерінің шектеулігі десек қателеспейміз.

Айталық тарих сабағындағы "Ұлы Жібек жолындағы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар" тақырыбын оқушылардың "Earth Explorer" немесе "Loadmap"цифрлық карталары арқылы меңгеруі анағұрлым тиімді болар еді.

Болашақтағы айтулы экономикалық жетістіктер білім жүйесімен тығыз байланысты. Демек, қоғамдағы бүгінгі өзгерістер - білім берудің ұтымды, нəтижелі һəм сапалы жолдарын іздеуге зор мүмкіндік береді деген сенімдіміз.