ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
М.Қыдырбайұлы, NH Financial Group референті.
Ғаламдық Пандемия - білім жүйесін планетарлық масштабта модернизациялануына даңғыл жол ашты. Осыдан 2-3 жыл бұрын Цифрлық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы мемлекеттер, енді қол жеткізген тәжірибелерін жаңаша білім технологиясы арқылы халық һәм ұрпақ игілігіне айналдыруда.
Биыл менің ұстаздық қызметіме 40 жыл толады. Ауыл мектебінен бастау алған педагогикалық жолдарым күні бүгінге дейін жас ұрпақтың болашағына деген алаңдаушылығымды бір сәтке де тоқтатқан емес...
Бүгінгі заман ерекше күй кешуде. Жаңалықтар легі секунд сайын толас таппауда.Бұл заңды құбылыс.
Әрине, Ұлы даланың еркін халықтарының басын қосқан Қазақ Елі дегенде жүрегім шымырлап, кеудем намысқа толып кетеді. Осы сезімнің өне бойымда байқалуы - әке-шешем мен ұстаздарымның, туған халқымның тәрбиесі деп білемін. Өзімді бақытты халықтың ұрпағымын деп санаймын.
Әуел баста ұлттық тәрбие мен білім мәселерімен ғылыми тұрғыда айналысып, соның нәтижесінде пайда болған білім жүйесін цифрландыру проблемасы туралы мәселе енді бізді шексіз мұхит айдынына әкеліп тіреді.
Цифрлық білім тек жай сөз немесе, бренд, мода сөзі емес. Ол адамзат эволюциясының заманауи көрсеткіші.
Байқаймын. Бүгінгі Қазақстан ұстаздарына аталмыш феномен ұнайтын сияқты. Қызығушылықтар да бәсеңдер емес.
Шынтуатқа келгенде - біздер бұл құбылысқа атүсті қарап отырмыз. Оның кемшіліктері мен зардаптары туралы сарапшылар жарыса жазып жатыр. 3000 оқушы компьютерсіз отырғанын да білемін.
Интернет арқылы көптеген мұғалімдер "Bilim Media Group" компаниясы ұсынған "Bilimland" жобасы негізінде онлайн сабақ беріп жатқан жетістіктеріне мәз. Рас. Жаман бастама емес. Ол жобаға мемлекет шексіз сомада қаржы бөлді.
Енді "Bilimland" бренді бойынша теледидардан көрсетіліп жатқан сабақтарды саралап көрейікші. Слайд, қысқаша видео, дайын тексті оқитын мұғалім. Ол сабақтарды You Tube арқылы көру барысында,тіпті өз ойын білдіргісі келетін адамдарға коментарий жазу мүмкіндігін шектеп шектеп тастағаны түсініксіз.
"Zoom" қосымшасы арқылы сабақ-конференциялар өткізу жаңалық емес.
Мемлекеттен қыруар ақша сұрамай-ақ өз пәнін жақсы меңгерген ұстаздар You Tube арқылы өз сабақтарын еркін жүктеп алғаны анағұрлым тиімді болар еді.
Бұл туралы біздер бірнеше сараптамалық ұсыныстар білдірген едік. Ол туралы ғылыми мақалалар жарияланды.
Айтылған тұжырымдар негізінде төмендегідей ұсыныстар білдіреміз:
1.Пән оқулықтарын Scibd форматы бойынша локализациялау;
2. Оқулық тізімдерін Digital Library жүйесі бойынша автоматтандыру;
3. Geofabrik жүйесін пайдалану;
4. Educare Box цифрлық платформасын іске қосу;
5. Қазақстандық Your Vision платформасымен жұмыс істеу;
6. Google Earth 2020 қосымшасын пайдалану;
7. Білім сапасын Time High Education көрсеткіштері бойынша анықтау һәм бағалау;
Комментариев нет:
Отправить комментарий