суббота, 16 мая 2020 г.

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? М.Қыдырбайұлы

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
М.Қыдырбайұлы, NH Financial Group референті.

Ғаламдық Пандемия - білім жүйесін планетарлық масштабта модернизациялануына даңғыл жол ашты. Осыдан 2-3 жыл бұрын Цифрлық экономикаға негізделген алдыңғы қатарлы мемлекеттер, енді қол жеткізген тәжірибелерін жаңаша білім технологиясы арқылы халық һәм ұрпақ игілігіне айналдыруда.
Биыл менің ұстаздық қызметіме 40 жыл толады. Ауыл мектебінен бастау алған педагогикалық жолдарым күні бүгінге дейін жас ұрпақтың болашағына деген алаңдаушылығымды бір сәтке де тоқтатқан емес...
Бүгінгі заман ерекше күй кешуде. Жаңалықтар легі секунд сайын толас таппауда.Бұл заңды құбылыс.
Әрине, Ұлы даланың еркін халықтарының басын қосқан Қазақ Елі дегенде жүрегім шымырлап, кеудем намысқа толып кетеді. Осы сезімнің өне бойымда байқалуы - әке-шешем мен ұстаздарымның, туған халқымның тәрбиесі деп білемін. Өзімді бақытты халықтың ұрпағымын деп санаймын.
Әуел баста ұлттық тәрбие мен білім мәселерімен ғылыми тұрғыда айналысып, соның нәтижесінде пайда болған білім жүйесін цифрландыру проблемасы туралы мәселе енді бізді шексіз мұхит айдынына әкеліп тіреді.
Цифрлық білім тек жай сөз немесе, бренд, мода сөзі емес. Ол адамзат эволюциясының заманауи көрсеткіші.
Байқаймын. Бүгінгі Қазақстан ұстаздарына аталмыш феномен ұнайтын сияқты. Қызығушылықтар да бәсеңдер емес.
Шынтуатқа келгенде - біздер бұл құбылысқа атүсті қарап отырмыз. Оның кемшіліктері мен зардаптары туралы сарапшылар жарыса жазып жатыр. 3000 оқушы компьютерсіз отырғанын да білемін.
Интернет арқылы көптеген мұғалімдер "Bilim Media Group" компаниясы ұсынған "Bilimland" жобасы негізінде онлайн сабақ беріп жатқан жетістіктеріне мәз. Рас. Жаман бастама емес. Ол жобаға мемлекет шексіз сомада қаржы бөлді.
Енді "Bilimland" бренді бойынша теледидардан көрсетіліп жатқан сабақтарды саралап көрейікші. Слайд, қысқаша видео, дайын тексті оқитын мұғалім. Ол сабақтарды You Tube арқылы көру барысында,тіпті өз ойын білдіргісі келетін адамдарға коментарий жазу мүмкіндігін шектеп шектеп тастағаны түсініксіз.
"Zoom" қосымшасы арқылы сабақ-конференциялар өткізу жаңалық емес.
Мемлекеттен қыруар ақша сұрамай-ақ өз пәнін жақсы меңгерген ұстаздар You Tube арқылы өз сабақтарын еркін жүктеп алғаны анағұрлым тиімді болар еді.
Бұл туралы біздер бірнеше сараптамалық ұсыныстар білдірген едік. Ол туралы ғылыми мақалалар жарияланды.
Айтылған тұжырымдар негізінде төмендегідей ұсыныстар білдіреміз:
1.Пән оқулықтарын Scibd форматы бойынша локализациялау;
2. Оқулық тізімдерін Digital Library жүйесі бойынша автоматтандыру;
3. Geofabrik жүйесін пайдалану;
4. Educare Box цифрлық платформасын іске қосу;
5. Қазақстандық Your Vision платформасымен жұмыс істеу;
6. Google Earth 2020 қосымшасын пайдалану;
7. Білім сапасын Time High Education көрсеткіштері бойынша анықтау һәм бағалау;

понедельник, 4 мая 2020 г.

М. Қыдырбайұлы.LANDING ПЛАТФОРМАСЫ – ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗІ


LANDING ПЛАТФОРМАСЫ – ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ НЕГІЗІ

Мұхамедрахым ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ -  NongHyup Financial Group жанындағы дайындық курсының тыңдаушысы, Сеул, 2020

     ИНТЕРНЕТ мүмкіндігі бүгінде шексіз екені белгілі болды. Соңғы уақытта аталмыш ғаламдық тор арқылы бірнеше платформадағы бизнес-жобаларды барынша игіліктенуге түрлі жолдар ашылды.
     Өкінішке орай, Интернет-маркетинг технологиясын азды-көпті меңгерген замандастарымыз табыс табудың кейбір тетіктерін білген соң, қол жеткізген тәжірибелер арқылы түрлі әрекеттерге эмпирикалық сипатта көше бастады.
     Осыдан бірнеше жыл бұрын біздер - осындай цифрлық экономикалық құбылыстардың белең алатыны, тіпті оның адамның сана-сезімі мен психикалық әлеміне орасан ықпал ететінін айтқан едік [1].
     Біз көтеріп отырған мәселеміздің төркіні онлайн-маркетинг пен менеджмент дүниесі болмақ.
     Рас. Бұл тақырып мемлекеттік деңгейде назарға ілініп, өз кезегінде оның болашақтағы миссиясы жөнінде стратегиялық шаралар қабылдану қажеттігі айтылды. Сарапшылар ғаламдық масштабта ауқымды жобалар құрастыруды 2000 жылдары қолға алған «Amazon» және «Ali Baba» платформаларының табысты жетістіктеріне терең назар аудару қажеттігін ескертті.
     Мұндай батыл қадамдарға үйлесіп кету біріншіден, толассыз заманауи ақпараттық технологиялар жетістіктерін меңгеру болса, екіншіден жаңа форматтағы білім технологияларын қоғамдық үрдістерге барынша бейімделу мен ендіруді талап етті.
     Бұл жөнінде біздер 2000 жылдары жастардың виртуалдық ойын-сайыс форматы «World of Warcraft» платформасы негізінде заманауи пәндерді оқыту әдістемесі (Media Didactica) мен «Интернет-тәрбие» жобаларын мемлекеттік тұрғыда жобалауды қолға алу керектігін айтқанымыз үшін күлкіге қалғанымыз бар [2].
     Қалай дегенмен бүгінгі онлайн маркетинг пен менеджмент тұтұасы болып табылатын маңызды контенттер базасы (message, NTML, CTR click-through rate, media planning, segmentation, e-mail, cloud system,design constraction, targeting, clicкing) осы Интернет ойын-сайысының негізгі элементтерін құрағанын айта кеткен жөн.
     Енді ше? Егер сол жылдары «E-Learning» жобасы болмағанда, бүгін не айтатын едік?!
     Бүгінде онлайн маркетинг пен менеджмент туралы сөз қозғалса, біз оған үйреншікті түрде жауап беруге дайынбыз. Демек, аталмыш феноменнің адамдар санасында позитивті көзқарас қалыптастырғаны түсінікті. Бірақ, тым кеш қалған жоқпыз ба?
     2013 жылы «Facebook» платформасы арқылы ұйымдастырылған «ЕХРО 2017 және балалар» виртуалды ғылыми жобалар сайысына ұсынылған жұмыстардың бірқатары цифрлық экономика тақырыбына арналғаны – осы мәселенің жас ұрпақ назарын өзіне аударғанын көрсетті [8].
     Соңғы он жыл ішіндегі Қазақстан жағдайындағы локализациялық үйлесімділік көрсеткіштері негізінен жаңа сипаттағы жетекші технологияларды меңгеруді мақсат еткен шағын топ-менеджерлер өкілдерінің ізденіс-тәжірибелері арқасында мүмкін болды. Егер, отандық білім реформасын ерте бастан аталмыш форматта барынша өрбіткен жағдайда, біздер осы меженің биік стандарттар тобынан көрінетіне куә болар едік.
     Алайда, біздер стратегиялық қателіктер жасауға амалсыз ұрындық. Оның себеп-салдарын халықаралық эксперттер баяндамаларынан байқауымыз қиын емес. Орны толмас осындай олқылықтардың орын алғанын саналы түрде мойындамауымыз – біздің прогрессивті жолға түсуімізге үлкен кедергі келтірді.
     Дегенмен, бүгінгі жан-жақты ізденісті дәстүрге айналдырған жастар үшін жаңаша бағыттағы эффективті жобаларды халық игілігіне айландыру перспективалары бар екеніне үмітпен қараймыз.      
     Кешегі сайт құрастыру технологиясынан 2003 жылдан бері Microsoft форматында жеке конструкцияларын маркетинг пен менеджмент негізінде бейнелеуді көздеген жастардың бастамасы - бүгінде көптеген ілкімді замандастардың жеке идеяларынан туындаған электронды коммерциялық жобаларының болашақта үлкен табыс көздеріне ұласуына ұйытқы болды. Тіпті, қоғамды ақпараттандыру науқаны аймақтық кеңістіктен глобальді масштабқа қарқынды дамып ІТ-технология саласының бір-бірін толықтырып отыратын түрлі ақпараттық инфрақұрылымдарын (Интернет-дүкен, криптовалюта кеңістігі, Blockchain) қалыптастырды.
     Аталған ақпараттық инфрақұрылымдар кеңістігінде ұдайы өзгеріп және эффективті түрде жүйеленіп отыратын саланың біріне Landing технологиясы (LT) жатады.
     Кез келген жас ұрпақ өкілі бүгінгі таңда замануи компьютерлік технология жетістіктерін біржақты күйде қабылдамай, оның пайдалы һәм зиянды тұстарын терең бағдарлап, өз ретінде қоғамға табыс пен пайда әкелетін зор мүмкіндіктерінің сырларын ашуға талпынғаны абзал.
     LT-технологиясының бастапқы шешімі ІТ-департамент жүйесін құрудан басталады. Қазіргі таңда ең сенімді жүйе Bitrix платформасы болып табылады. Ол жобаның тиімділігін арттыратын SEO (search engine optimization) сегментациясы бойынша игіліктенеді.
     ІТ-құрылым барысы Page Rank жүйесі бойынша кіріктіріліп веб-парақшаның математикалық рейтингісі (Google мысалында логарифмикалық шкала) негізінде реттелуі шарт.  Реттік жүйе CTR (click-through rate) форматында сақталып, жобаның тиімділігін арттыруға ұйытқы болатын A/B testing талабына сәйкес жүргізіледі.
     Аталмыш талаптар өз шешімін тапқанда біздер SEO жиынтығына кіретін lead capture page, static page, destination page, web page, marketing promotion, marketing email, CTR, NTML,online transactional, CRM (customer relationship management), cloud computing және басқа да жобаның тиімділігін арттыратын жүйелерге бейімделуіміз қажет болмақ.
     Жобаның табысты межеге қол жеткізуін қамтамасыз ететін API (application, platform, infrastructure) технологиясы Unbounce платформасы бойынша іске асырылады.
     Айтар ойымыздың бірқатар қиындықтар тудыртып жатқанын ескере келе біздер ұсынылып отырған жетекші идеяларға болашақ технологиясына жаны ашитын белсенді азаматтардың зор ынтамен назар аударатынына сеніміміз мол екенін жеткізгіміз келеді.
     Демек, кез келген жаңашыл жан қай салада болмасын адамзаттың соңғы жылдары қол жеткізген айтулы  технологиялық жетістіктеріне ат салысып, өзінің жеке қызығушылықтарынан туындаған бизнес-идеяларын планетарлық масштабта нақты іске айналдыруды айрықша мақсат ететініне кәміл сенеміз. 



Пайдаланылған әдебиеттер мен Интернет ресурстар

1.Аяпбекова А. Электронды білім қырлары. https://egemen.kz/article/28448-elektrondy-bilim-qyrlary
2. Құрсабаев М.Қ. Электронды оқулықтардың сапасын арттыру қажет. https://qazaqstan.tv/news/79988/
3.Қыдырбайұлы М. Интернет һәм ұлттық тәрбие. https://kazbilim.kz/%D2%9B%D2%B1%D1%80
4. Курсабаев М.К. ЕХРО 2017 және балалар. https://yvision.kz/post/362084
6. Gafni, Ruti; Dvir, Nim (2018). "How Content Volume on Landing Pages Influences Consumer Behavior: Empirical Evidence". Proceedings of the 2018 InSITE Conference. Informing Science Institute. arXiv:1806.00923. doi:10.28945/4016.
8. «ЕХРО 2017 және балалар» Халықаралық виртуалды ғылыми жобалар сайысы, Астана, 2013.
https;//www.facebook.com/page/Ехро-2017-и-дети/527004667323976?ref=hl