LANDING ПЛАТФОРМАСЫ – ЗАМАНАУИ ЦИФРЛЫҚ
БІЛІМ НЕГІЗІ
Мұхамедрахым ҚЫДЫРБАЙҰЛЫ - NongHyup Financial Group жанындағы дайындық
курсының тыңдаушысы, Сеул, 2020
ИНТЕРНЕТ мүмкіндігі бүгінде шексіз екені белгілі болды. Соңғы уақытта
аталмыш ғаламдық тор арқылы бірнеше платформадағы бизнес-жобаларды барынша
игіліктенуге түрлі жолдар ашылды.
Өкінішке орай, Интернет-маркетинг технологиясын азды-көпті меңгерген
замандастарымыз табыс табудың кейбір тетіктерін білген соң, қол жеткізген
тәжірибелер арқылы түрлі әрекеттерге эмпирикалық сипатта көше бастады.
Осыдан бірнеше жыл бұрын біздер - осындай цифрлық экономикалық
құбылыстардың белең алатыны, тіпті оның адамның сана-сезімі мен психикалық
әлеміне орасан ықпал ететінін айтқан едік [1].
Біз көтеріп отырған мәселеміздің төркіні онлайн-маркетинг пен менеджмент
дүниесі болмақ.
Рас. Бұл тақырып мемлекеттік деңгейде назарға ілініп, өз кезегінде оның
болашақтағы миссиясы жөнінде стратегиялық шаралар қабылдану қажеттігі айтылды.
Сарапшылар ғаламдық масштабта ауқымды жобалар құрастыруды 2000 жылдары қолға
алған «Amazon» және «Ali Baba» платформаларының табысты жетістіктеріне терең
назар аудару қажеттігін ескертті.
Мұндай батыл қадамдарға үйлесіп кету біріншіден, толассыз заманауи
ақпараттық технологиялар жетістіктерін меңгеру болса, екіншіден жаңа форматтағы
білім технологияларын қоғамдық үрдістерге барынша бейімделу мен ендіруді талап
етті.
Бұл жөнінде біздер 2000 жылдары жастардың виртуалдық ойын-сайыс форматы
«World of Warcraft» платформасы негізінде заманауи пәндерді оқыту әдістемесі (Media
Didactica) мен «Интернет-тәрбие» жобаларын мемлекеттік тұрғыда жобалауды қолға
алу керектігін айтқанымыз үшін күлкіге қалғанымыз бар [2].
Қалай дегенмен бүгінгі онлайн маркетинг пен менеджмент тұтұасы болып
табылатын маңызды контенттер базасы (message, NTML, CTR click-through rate, media
planning, segmentation, e-mail, cloud system,design constraction, targeting,
clicкing) осы Интернет ойын-сайысының негізгі элементтерін құрағанын айта
кеткен жөн.
Енді ше? Егер сол жылдары «E-Learning» жобасы болмағанда, бүгін не
айтатын едік?!
Бүгінде онлайн маркетинг пен менеджмент туралы сөз қозғалса, біз оған
үйреншікті түрде жауап беруге дайынбыз. Демек, аталмыш феноменнің адамдар
санасында позитивті көзқарас қалыптастырғаны түсінікті. Бірақ, тым кеш қалған
жоқпыз ба?
2013 жылы «Facebook» платформасы арқылы ұйымдастырылған «ЕХРО 2017 және
балалар» виртуалды ғылыми жобалар сайысына ұсынылған жұмыстардың бірқатары
цифрлық экономика тақырыбына арналғаны – осы мәселенің жас ұрпақ назарын өзіне
аударғанын көрсетті [8].
Соңғы он жыл ішіндегі Қазақстан жағдайындағы локализациялық үйлесімділік
көрсеткіштері негізінен жаңа сипаттағы жетекші технологияларды меңгеруді мақсат
еткен шағын топ-менеджерлер өкілдерінің ізденіс-тәжірибелері арқасында мүмкін
болды. Егер, отандық білім реформасын ерте бастан аталмыш форматта барынша
өрбіткен жағдайда, біздер осы меженің биік стандарттар тобынан көрінетіне куә
болар едік.
Алайда, біздер стратегиялық қателіктер жасауға амалсыз ұрындық. Оның
себеп-салдарын халықаралық эксперттер баяндамаларынан байқауымыз қиын емес. Орны
толмас осындай олқылықтардың орын алғанын саналы түрде мойындамауымыз – біздің
прогрессивті жолға түсуімізге үлкен кедергі келтірді.
Дегенмен, бүгінгі жан-жақты ізденісті дәстүрге айналдырған жастар үшін
жаңаша бағыттағы эффективті жобаларды халық игілігіне айландыру перспективалары
бар екеніне үмітпен қараймыз.
Кешегі сайт құрастыру технологиясынан 2003 жылдан бері Microsoft
форматында жеке конструкцияларын маркетинг пен менеджмент негізінде бейнелеуді
көздеген жастардың бастамасы - бүгінде көптеген ілкімді замандастардың жеке
идеяларынан туындаған электронды коммерциялық жобаларының болашақта үлкен табыс
көздеріне ұласуына ұйытқы болды. Тіпті, қоғамды ақпараттандыру науқаны аймақтық
кеңістіктен глобальді масштабқа қарқынды дамып ІТ-технология саласының
бір-бірін толықтырып отыратын түрлі ақпараттық инфрақұрылымдарын
(Интернет-дүкен, криптовалюта кеңістігі, Blockchain) қалыптастырды.
Аталған ақпараттық инфрақұрылымдар кеңістігінде ұдайы өзгеріп және
эффективті түрде жүйеленіп отыратын саланың біріне Landing технологиясы (LT)
жатады.
Кез келген жас ұрпақ өкілі бүгінгі таңда замануи компьютерлік технология
жетістіктерін біржақты күйде қабылдамай, оның пайдалы һәм зиянды тұстарын терең
бағдарлап, өз ретінде қоғамға табыс пен пайда әкелетін зор мүмкіндіктерінің
сырларын ашуға талпынғаны абзал.
LT-технологиясының бастапқы шешімі ІТ-департамент жүйесін құрудан
басталады. Қазіргі таңда ең сенімді жүйе Bitrix платформасы болып табылады. Ол
жобаның тиімділігін арттыратын SEO (search engine optimization) сегментациясы
бойынша игіліктенеді.
ІТ-құрылым барысы Page Rank жүйесі бойынша кіріктіріліп веб-парақшаның
математикалық рейтингісі (Google мысалында логарифмикалық шкала) негізінде
реттелуі шарт. Реттік жүйе CTR (click-through
rate) форматында сақталып, жобаның тиімділігін арттыруға ұйытқы болатын A/B
testing талабына сәйкес жүргізіледі.
Аталмыш талаптар өз шешімін тапқанда біздер SEO жиынтығына кіретін lead
capture page, static page, destination page, web page, marketing promotion,
marketing email, CTR, NTML,online transactional, CRM (customer relationship
management), cloud computing және басқа да жобаның тиімділігін арттыратын
жүйелерге бейімделуіміз қажет болмақ.
Жобаның табысты межеге қол жеткізуін қамтамасыз ететін API (application,
platform, infrastructure) технологиясы Unbounce платформасы бойынша іске асырылады.
Айтар ойымыздың бірқатар қиындықтар тудыртып жатқанын ескере келе біздер
ұсынылып отырған жетекші идеяларға болашақ технологиясына жаны ашитын белсенді
азаматтардың зор ынтамен назар аударатынына сеніміміз мол екенін жеткізгіміз
келеді.
Демек, кез келген жаңашыл жан қай салада болмасын адамзаттың соңғы
жылдары қол жеткізген айтулы
технологиялық жетістіктеріне ат салысып, өзінің жеке қызығушылықтарынан
туындаған бизнес-идеяларын планетарлық масштабта нақты іске айналдыруды айрықша
мақсат ететініне кәміл сенеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер мен Интернет
ресурстар
6. Gafni, Ruti; Dvir, Nim (2018).
"How Content Volume on Landing Pages Influences Consumer Behavior:
Empirical Evidence". Proceedings of the 2018 InSITE Conference. Informing
Science Institute. arXiv:1806.00923. doi:10.28945/4016.
8. «ЕХРО 2017 және балалар»
Халықаралық виртуалды ғылыми жобалар сайысы, Астана, 2013.
https;//www.facebook.com/page/Ехро-2017-и-дети/527004667323976?ref=hl
Комментариев нет:
Отправить комментарий