суббота, 18 апреля 2020 г.

М.Қыдырбайұлы, Сеул-2020.ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ - ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІ


ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ - ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА НЕГІЗІ
М.Қыдырбайұлы, Сеул, 2020


Дистанциялық оқытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне бастағандаймыз. Президент пен Министрдің цифрлық технологияға жақындығы қуантады.

Еліміздегі 3000 жуық оқушылардың "Интернетсіз" қалғаны - біздің осы мәселені шешуге деген төмен деңгейімізді көрсетеді .
Ұстаздардың TV арқылы сабақ бергені, ата-аналардың үйлерінде "бала оқыту" технологиясын меңгеруі (мұғалімдік жұмыстың қандай қиын екенін түсінген шығар) - заманауи педагогика тарихындағы феноменге айналды.

Енді екінші мәселе... Қазіргі біздің қол жеткізген нәтижелеріміз - бізге ұсынылған дайын форматтарды қайталау ғана. Демек, уақытша жетістік..!? Не істеуге болады?

Ең алдымен білім жүйесін цифрландыру бойынша Ұлттық (мемлекеттік) орталық құрып әлемдік тәжірибелерді сараптау керек. Демек, білім жүйесі екі ірі бағытқа: "Digital management" һәм "Digital marketing" көшуі тиіс. Осылайша ғаламдық теория мен практика ұштастығы іске қосылады.

Келесі мәселе - жаңа заман стратегтері мен аналитиктерін дайындау шарт. Ол мәселе 50% шешілді. Қалған 50% стереотипті (кемшілікті мойындау, шынайы сенім, бюрократиялық кедергілерді жою, өз білімін шыңдау, озық инновациялық технологияларды меңгеру т.б) жеңу.

Аталмыш мақсаттарды игіліктендіру ісі - мектептен басталатыны анық.
Өкінішке орай, TV арқылы сабақ беру (BMG форматы), онлайн күнделік, үй тапсырмаларын орындау - монотонды сипат алуда. Бұл үрдіс - мол қаражатты қажет етуде. Яғни - эффективті емес. Демек - бұл кемшілікті біздер саналы түрде мойындауымыз керек.

Біз қазір, әлемдік озық тәжірибелер негізде 5 сыныпқа арналған "Интернет-оқулық" жобасын енгізіп жатырмыз. Ол технология - қаражатты қажет етпейді.

Сол себепті, бүгінен бастап онлай-сабақты "Screen Recorder", "Camtasio studio" форматы (200-ден астам нұсқасы бар) бойынша өткізуге кірісуіміз керек. Дәрісті тыңдаған оқушы осы формат бойынша кері байланыс орнатып, үй тапсырмасы туралы материалын қайта жіберуі шарт.

Комментариев нет:

Отправить комментарий