КОРОНАВИРУС-РОБОТ
БАКТЕРИЯ
Бүгінгі
таңда ғаламды жайлаған пандемия барша жұртшылықтың болашаққа деген
алаңдаушылығын білдіріп отыр. Аталмыш вирустың қалай пайда болғаны һәм оның
зардабы жөнінде күн сайынғы ақпараттар тұрақты емес.
Ғалымдардың
болжауынша ол мұхит айдынына төгілген мұнай қалдықтарын буландырып, ауаға
ұшырып жіберетін жойқын күші бар химиялық феномен деп айтылуда. Ал, оның
биосфералық ортада қаншалықты зиян келтіретінін анықтау үшін жарқанатқа
эксперимент жасалған-мыс. Бұл үрдіс қашан қолға алынғалы белгісіз.
Өкінішке
орай, мұнайды буландыру барысында ұзақ уақыт тұрақты нәтижелерге қол жеткізген
аталмыш жоба белгісіз себептерден ғалымдар бақылауынан тыс қалып, қоршаған
ортадағы өзіне ұқсас микроптар мен бактериялармен араласып мутацияланғаны
байқалады.
Бастапқы
кезде қалыпты жағдайда өрбіген бұл вирус біраз үзілістен кейін адам организміне
үлкен қауіп төндірді.
Коронавирустың
аса қауіпті жағдайда таралуы оның химиялық құрамының ГМО (гендік модификациялық
организм) формуласымен байланыстылығында деп болжауымызға болады. Ол -
робот-бактерия болуы да мүмкін. Демек, робототехника платформасын
құрастырушылар енді робот-бактерия тақырыбындағы жобаларға мән беруі шарт.
Дегенмен,
бүгінгі адамзат перзенті барлық мүмкіндіктері (жоғарғы технология, қаржы
институты, ғылыми-техникалық инфраструктура, ғарыштық қондырғылар т.б) бола
тұра аталмыш вирустың алдын алуға қауқарсыз екенін айтуға тура келіп тұр.
Бүгінде
вируспен күреске Жер Планетасындағы адамдар бір кісідей жұмылып кірісіп кетті.
Кешегі саяси-экономикалық доктриналық стереотиптер бүгінде екінші мәселеге
көшті. Барша қауымның тілегі - бір ғана нәрсе. Ол пандемияның алдын алу.
Пандемиямен
күрес бізге өте қымбатқа түсуде. Бұл орайда, өздерінің өмірін қатерге тіккен дәрігерлер,
шексіз билігі бар президенттердің жіпсіз байлануы, бар жиған-терген байлығына
тамақ жасап ақысыз таратып жүрген жомарт жандар мен қиын-қыстау кезеңде пайдаға
батқан жандардың атқарған істері өлшеулі.
Біз
Адамзат тарихында бұрын соңды болмаған сұрапыл "химиялық соғыстың"
куәсі болып отырмыз. Оның қалай аяқталатыны белгісіз. Жаратқан Аллаһ тағала
бәрімізді сақтап, індеттің алдын алуға жар болсын!
Қалай
десек те, бізде тек бір ғана сенім болуы керек. Ол - жалпы адамзаттың бірлесе
отырып пандемияның алдын алда жеңіске жету!
Пандемиямен
күрес ғылым мен технологияның жаңа жолдарын іздестіруге баршамызды мәжбүр етті.
Адам капиталы мен оның интеллектуалық потенциалы осы уақытқа дейін регионалдық
сипатта болса, енді ол планетарлық масштабқа ұласты.
Ата-бабаларымыз
айтқандай: "Ұлы істің алдында - үлкен ор тұрады", - демекші біздер
осы өліара кезеңнен мүдірмей өтетінімізге сенімім мол.
Ғылыми
гипотеза тұрғысынан алып қарағанда адам - Жердің перзенті, ал Жер - Аспанның
перзенті екені рас болса, бәлкім ғарыштағы сансыз планеталардың Жерге ықпалы
болатыны ықтимал. Оған дәлел бар. Мысалы мезозой эрасындағы динозаврлар мен
кайнозой эрасындағы Мұз дәуіріндегі мамонттар тағдыры көп дүниені байқатады.
Жер
бетіне екі глобальдік қатер қатарынан төнуі мүмкін емес. Ол математикалық
заңдылық. Демек, Жер бетіне ғарыштан келіп соқтығысатын диаметрі шамамен 500 км
болатын алып метеориттің орнын - Пандемия ауыстыруы мүмкін ғой. Әрине бұл
гипотеза. Бірақ мен оған сенем.
Біз
Пандемияны міндетті түрде жеңуіміз керек. Ол біздің айқын миссиямыз. Бір
жағынан Homo Sapiens эрасының аяқталып, жаңа әлем - Homo Roboticus заманы
жақындап келе ме, кім білсін?!
Комментариев нет:
Отправить комментарий