суббота, 18 апреля 2020 г.

М.Қыдырбайұлы. Сеул-2020. ИНТЕРНЕТ - ПЕДАГОГИКА ФЕНОМЕНІ


ИНТЕРНЕТ - ПЕДАГОГИКА ФЕНОМЕНІ.
Мұхамедрахым Қыдырбайұлы. Сеул. Корея,2020 жыл

Қашықтықтан оқыту технологиясы біздің қоғамымызға 1990 жылдардың аяғында енген. Ең алғашқы жоба Канаданың үлесінде. Алғашқы кезде ол құбылысқа адамдар қоғамдық феномен ретінде атүсті мəн берді.

Кейінгі жылдары ол "E-learning" форматында əлемге белгілі болды. Қазақстандағы аталмыш жобаның модераторы "НИТ" электронды компаниясы болды.

Жалпы осы мəселе төңірегінде алғаш бастама көтергендер қатарында экс-министр Беркімбаева Шамша, профессор Г.К.Нургалиева (Национальный центр информатизации), Рауан Кенжегалиев ( Bilim media group) т.б адамдар болды.

Оқу орындары дистанциялық оқыту технологиясы бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізді. " Bolonge proucess" миссиясының маңызы зор болды.

Біздің тарапымыздан 2008 жылы "Qazaq nama" (www.nlrk) жобасы ұсынылды. 2014 жылы Тұран-Астана университетінің бастамасымен қалалық білім басқармасы жəне "НИТ" электронды компаниясы қатысуымен "Использование глобальных научно-технологических ресурсов в системе образования" тақырыбында елімізде тұңғыш рет конференция өтті.

Білім министрлігі тарапынан "Оқулық" орталығы көп жұмыстар атқарды. Мемлекеттік "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы дүниеге келді.
Бүгінде көптеген кедергілерге қарамастан мектеп пен жоғары оқу орындары тез арада дистанциялық оқыту жүйесіне қайта қосылды.

Бұл күнді адамзат тарихындағы теңдесі жоқ феномен деп айтуға болады. Себебі білім алу мен оқыту жүйесі өзінің жаңа эрасына қадам басты.
Рас. Өткен тəжірибелер жалпы адамзат перзентінің ғажап жетістіктері болып қалатыны рас. 

Дегенмен, қоғамдағы ғаламат өзгерістер білім беру технологиясының жаңа деңгейге көтерілуіне даңғыл жол ашады. Оған дəлел ретінде К.Циолковский мен Илон Маск идеяларын айтсақ жеткілікті.
Қарапайым мысал ретінде күнделікті сабақ процесі мен пəн мазмұнын алайық. Рас. Оқулықтар əдемі һəм сапалы. Ұстаздардың біліктілігіне шүбə келтірмейміз. Мектеп іші жылы ірі интерактивті. Материалды-техникалық жағдайымыз жаман емес.

Біздің бір байқағанымыз: оқулықтағы кейбір материалдардың жиі қайталанып келуі. Мысалы тарих пəні бойынша Қазақ хандығы тақырыбы бойынша оқушылар оны 5-7-10 сыныптарда бірнеше мəрте қайталап оқуға мәжбүр. Ондай олқылықтар басқа пəндерде көп кездеседі.

Келесі бір мəселе мемлеттік типтік оқу жоспары бойынша өтілетін сабақ тақырыбына заманауи глобальдық ғылыми жетістіктер мен ІТ-ресурс жобаларын оқыту үрдісіне кіріктіру мүмкіндіктерінің шектеулігі десек қателеспейміз.

Айталық тарих сабағындағы "Ұлы Жібек жолындағы Қазақстандағы ортағасырлық қалалар" тақырыбын оқушылардың "Earth Explorer" немесе "Loadmap"цифрлық карталары арқылы меңгеруі анағұрлым тиімді болар еді.

Болашақтағы айтулы экономикалық жетістіктер білім жүйесімен тығыз байланысты. Демек, қоғамдағы бүгінгі өзгерістер - білім берудің ұтымды, нəтижелі һəм сапалы жолдарын іздеуге зор мүмкіндік береді деген сенімдіміз.

Комментариев нет:

Отправить комментарий